2024 жылы әлемде ең көп сатылған жеңіл көліктердің рейтингі жарияланды

1 409

Фото: ixbt.com2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында әлемде ең көп сатылған көліктердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осы аралықта әлем бойынша 68,8 миллион көлік сатылыпты, бұл 2023 жылдың дәл сол кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5%-ға көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Focus2Move агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Көп сатылған модельдер рейтингінде Toyota Corolla, Tesla Model Y и Toyota RAV4 көш бастап тұр. Ал алғашқы ондықта келесі модельдер бар: 

Toyota Corolla – 901,99 мың сатылым (2023 жылдың қаңтар-қазан айындағы көрсеткіштен -1,5%);

Toyota Corolla – 865,87 мың сатылым (-6,5%);

Toyota RAV4 – 836,26 мың сатылым (+13,7%);

Ford F-Series – 733,75 мың сатылым (-1,3%);

Honda CR-V – 601,37 мың сатылым (+5,9%);

Chevrolet Silverado – 525,19 мың сатылым (-0,5%);

Hyundai Tucson – 497,6 мың сатылым (-2,4%);

Toyota Camry – 474,97 мың сатылым (-8,9%);

Kia Sportage — 448,69 мың сатылым (+4,9%);

BYD SONG — 442,28 мың сатылым (+42,2%).

Айта кетері, Toyota Corolla сатылым деңгейі бойынша алғаш рет рейтингте көш бастады. Бұған дейін тізімнің алғашқы орнында Tesla Model Y болған. 

Сондай-ақ тізімге алғаш рет қытайлық BYD SONG қосылды. Аталған көліктің сатылымы бірден 42 пайызға өскен. Осылайша алғашқы ондыққа енген бірінші қытайлық көлік болып отыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.