Алты айлық сәби сим-карта жұтып қойған

1 570

Фото:elements.envato.comАтыраулық дәрігерлер сим-карта жұтып қойған 6 айлық сәбиді аман алып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.


Анасы кенет сәбиінің жөтеле бастағанын байқаған. Дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласқан ол баланың әлдебір нәрсе жұтып қойғанын айтқан. Жедел жәрдем қызметінің диспетчері оны дереу дәрігер-консультантпен байланыстырған.


"Телефон арқылы жедел жәрдем көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында бала аман қалды. Дәрігердің нақты нұсқауы бойынша сәбидің туыстары бөгде затты алып шықты", – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.


Сосын жедел жәрдем қызметкерлері келіп, көмек көрсетті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.