Полицейлерден аяусыз таяқ жеген ер адамның бір көзі көрмей қалды
239
Астаналық тұрғын ірі көлемде психотропты заттардың баламасын сақтады деген күдікпен Қостанай облысында жеті жылға сотталады , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал кейін сот алқасы оның кінәсіздігін дәлелдеп, сотталушының полицейлерден оңбай таяқ жегенін мәлімдеді«Полиция қызметкерлері М.-ның денесіне түрлі ауыр жарақаттар салып, соның нәтижесінде оның көзі көрмей қалды. Сот алқасы М.-ның құқығын бұзғаны үшін полиция қызметкерлерінің үстінен төмендегі қылмыстық істер бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Атап айтар болсақ, ауыр жарақат салдарынан сол көзінің көрмей қалуы, жеке көлігінің бүлінуі, көлігін тексергеннен кейінгі жеке заттарының жоғалуы және сотталушыдан алынған ұялы телефонды полиция қызметкерлерінің қолданғаны бойынша тергеу басталады», - делінген хабарламада.