Қызылордада қаржылық сауаттылыққа қатысты қоғамдық қабылдау өтті
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Ляззат Болатқызы Темирова тұрғындарды жеке қабылдау өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар бұғатталған есепшоттарды ашу, шотқа түскен қаржыны басқару және оны алу жолдары бойынша кеңестер алды.
Басқарма басшысы әрбір өтініш иесіне бұғатталған шотты сот орындаушының қаулысы негізінде ашуға болатынын, ал есепшоттағы жеке меншік қаражатты алу үшін азаматтардың банк бөлімшесіне барып, тиісті арыз жазуы қажеттігін түсіндірді.
Мұндай қабылдаулар тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және нақты мәселелер бойынша құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.







