тағы бір жол ақылы болмақ: көлік министрлігі бұйрық жобасын әзірледі

1 039

Фото: zhaikpress.kz/Көлік министрлігі "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолын  ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрық жобасын әзірледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жазған. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолының Үшарал-Достық учаскесі ақылы негізде пайдалануға берілмек. 

"Республикалық маңызы бар II санаттағы Үшарал – Достық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы ақылы негізде қолданылады; Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – км 0+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – км 180+0001", делінген құжатта. 


Ақылы жолдың ұзындығы 180 км болмақ. Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

 Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланады, қоғам болып талқылау үшін 14 күн уақыт беріледі. Талқылау наурыз айында басталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.