Қазақстанда жемқор шенеуніктердің ақшасына қанша мектеп салынып жатыр?

385

Қазақстанда жемқор шенеуніктердің ақшасына қанша мектеп салынып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Үкімет мәліметінше, қор құрылғалы бері жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражатпен толықтырылған. Былтырғы желтоқсаннан бері 151,6 миллиард теңге түскен.


"Бүгінде қордың арқасында бірқатар облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың оқушыға арналған (екі ауысымдық) 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды", - деді баспасөз қызметі.


Қордың қызметі үш ауысымда оқытуды, апатты жағдайдағы білім беру мекемелерінің проблемаларын және жалпы алғанда, мектептерді, кеңейтулерді және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы оқушылар орны жетіспеушілігін жоюға бағытталғаны атап өтілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.