Қызылордада 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

218
Қызылордада 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы ПД қызметкерлері мейрам күндері күшейтілген режимде жұмыс атқарды. Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша барлығы 3045 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болған 88 азаматқа, түнгі тыныштықты бұзған 29 адамға, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 адамға қатысты әкімшілік істер қозғалды. 

Сонымен қатар облыс көлемінде 2675 жүргізуші жол ережесін бұзған. Атап айтқанда 621 жүргізуші жылдамдық асырған, көлікті мас күйінде басқарған төрт жүргізуші анықталды, көлікті құжатсыз басқарған 166-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөліктері айып алаңына қойылды. 

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылды. 

Мереке күндері ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылық жасаған 50 жасөспірім жеткізілді. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 42 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сегіз ата-ана тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, облыста криминогендік ахуал тұрақты.