Билік бағаны көтеру арқылы қазақстандықтарды семіздіктен құтқармақ
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанда құрамында қант көп өнімдердің қымбаттауы мүмкін бе және қаншаға қымбаттауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқасынан кейінгі брифингте Ақмарал Әлназароваға құрамында қант бар өнімдерге салынатын қосымша салық туралы сұрақ қойылды.
Оның айтуынша, Қазақстан темекідегі сияқты құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерге акциз салығын енгізуді жоспарлап отыр. Министрдің айтуынша, бұл халық денсаулығын қорғауды ұйымдастырудың халықаралық тәсілі.
Құрамында қант бар өнімдерге қосымша үстемақы мен таңбалауды енгізуді басқарма басшысы оң бағалайды.
"Бұл жерде тек құрамында қант бар сусындар туралы ғана айта алмаймыз, халықтың өнімді саналы түрде өз денсаулығы үшін таңдап алуы үшін таңбалануы қажет басқа да көптеген өнімдер бар. Бұл жұмысты әлі жүзеге асыруымыз керек. Өкінішке қарай, 2023 жылы қайтыс болған әрбір бесінші адам қан айналымы жүйесінің ауруынан көз жұмды. Біздің елімізде қант диабетімен сырқаттану өсіп отыр. Сондықтан халықтың денсаулығын сақтау үшін, бұл өте дұрыс шара", - деп түйіндеді ол.
Министр бағаның өсуі қант мөлшері жоғары барлық өнімдерге әсер ететінін айтты.