Елімізде үйден шықпай әскери қызметке орналасуға өтініш беруге болады
Елімізде сервис арқылы үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оларға құжаттар тапсыра алады. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Порталда жобаны қорғаныс министрлігі мен цифрлық даму министрлігі бірлесе отырып, әзірлеп жатқаны айтылды.
Сөйтіп үміткер өтініштің статусы туралы өзгерістерді SMS арқылы алады. Ал қорғаныс министрлігі өтінішті алдын ала мақұлдаса, үміткер туралы деректер осы адам тұратын аймақтың медициналық комиссиясына беріледі. Өтініш беруші сол жерден тексерістен өтеді.
Айта кетейік, бұйрық жобасы 1 шілдеде жарияланды және оны талқылау 16 шілдеге дейін жалғасады.