Жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза болды

1 133

Фото: pixabay.comҚарағанды облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«11 қазанда Самарқанд ауылынан 1 шақырым жерде Теміртау-Нұра автожолында екі көлік –Volkswagen Passat пен «КамАЗ» жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.