Әкімдіктер бітпеген құрылысты аяқталды деп 330 млн теңге аударған

220
Атырауда тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы жалған құжат жасап, 330 млн теңгені мердігер компанияға аударған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департаменті берген мәліметке сүйенсек, Исатай ауданы Аққыстау ауылында 60 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салуға бөлінген қаржыны талан-таражға түсе жаздаған.

Ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмысы туралы жалған актіге қол қойған. Тапсырыс беруші 330 млн теңге төлем жасапты. Бірақ аталған соманың жұмысы орындалмады. Үй әлі пайдалануға берілмегендіктен, облыс басшылығына хат жолданды, - деді департамент мамандары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.