950 млн теңгеге салынған мектептің кірпіштері құлап жатыр

1 477

Фото: Медет МедресовОрал қаласында 7 жыл бұрын салынған мектеп қабырғасының кірпіштері сынып, құлап жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  «Мой город» сайтына сілтеме жасап. 

Орал қаласында 2017 жылы 950 млн теңгеге салынған №4 мектептің қабырғасының кірпіштері жерге құлап жатыр.

Оқу орнының директоры Жанаргүл Аймұрзина мектеп құрылысын салған «Альтаир» компаниясы екенін айтты.

«Бұған ауа-райы әсер еткен болуы мүмкін. Үнемі ылғалды ауа райы. Біз балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кірпіш құлаған жерлерге арнайы таспалар қойылды. Сондай-ақ, қызметкерлер  балалардың қауіпті аумақтарға жақындамауын қадағалап отыр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына сараптама жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді мектеп директоры.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.