Егде жастағы әйелді келіні ұрып-соғып, өз үйінен қуып шыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қымбат Баймұрзина есімді әйел "Қыздар-ай" бағдарламасында шындығын айтып, ағынан жарылды. Оның айтуынша туған келіні енесіне күн бермей, әрдайым сабап отырған. Тіпті "немереге" деп әкелген тәтті сарқыт пен ет-асын да есік алдына шаша салған.
"Келінім ұрып-оғып, үйден қуды. Заттарымды далаға лақтырып жіберді. Мен қыдырып кеткенмін. Келсем келінім жағамнан алды. "Бұл сізге келіп кететін "проходной" есік емес!" деп қуып шықты. Мен келініме көмектесіп жүретінмін. Әкелген сарқытымды немерелеріме беремін ба деп ойлап едім. Келінім етін де, балды да бәрін есіктің алдына лақтыра салды. Мен артынан қанша жалындым. "Ол тамақ қой, обал ғой" деп те айттым. Тыңдамады", - дейді Қымбат Баймұрзина.
Ең өкініштісі "тиран-келіннен" Қымбат енені ешкім ажыратпаған. Тіпті күйеуі де қазір әйелін іздемейді. Ал өзінің туған перзенті келінінің айтқанынан шыға алмай, анасына қол көтерген.
"Келінім мені жығып алды жерге. Мені құлатады деп ойламап едім. "Құтқарыңдаршы" деп айғайладым. Сонда ұлым есіктің алдында жатыр екен. Туған перзентім келіп, араша түспеді маған. Келінім Нағима "Егер ауырып жатсаң бір тамшы су бермей өлтіремін сені, барар жерің жоқ" деп айтады. Менде естімеген сөзім қалған жоқ. Әйтеуір қойшы деп келе жатырмын", - дейді ене.
Қазір араша сұраған келіншек көршілердің үйін паналап жүр.