ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМЫССЫЗДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

582
Бүгін Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде бос жұмыс орындарына жәрмеңке болып өтті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеге жиылған жұрттың қарасы көп, алайда бос жұмыс орындарын 36 мекеме 242 жұмыс орнын  ұсынса,  мемлекеттік бағдарлама аясында 31 жұмыс беруші 299 бос орын ұсынған болатын. Алайда, жиналған жұрттың басым көпшілігі жаңа оқу орнын бітірген түлектер мен жұмыссыз жүрген жастар екендігі тағы бар. Жалпы алғанда 541 жұмыс орны ұсынылғандығы да аталып өтті. Бұл жөнінде:

«Арнайы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламызда жастардың арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында және де жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Биылғы жаңа бағдарламада мүмкіндіктер өте көп. Әртүрлі техникалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары»,-деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов. 

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі деп жарияланғандықтан жастар мен қатар орта жас буын өкілдері де жұмыс іздеп келген жайы бар.  Жиын барысында бірнеше жыл бойына інісінің арнайы дипломы болса да тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүргендіктен сөз еткен қала тұрғыны:


Ол  аздық еткендей берілген жұмыс орындарының тұрақты не қоғамдық жұмыс орнына орналасу үшін сіз «Қалалық жұмыспен қамту орталығына» барып жұмыссыз ретінде арнайы тіркелуден өтуіңіз керек екен. Содан кейін осы сынды өзге де жәрмеңкелерді жұмыссыз деген анықтамаңызды арқалай жүріп, орналасу мүмкіндігі туады-мыс. Бұл жөнінде:


Сонымен қатар, бүгінгі күні «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа орналасқан жағдайды жалақы  30 АЕК, яғни 91 890 теңгені құрайды. Ал, қоғамдық жұмыспен орналасқан жағдайды ең төменгі жалақы 60 000 теңгені құрайды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы да жүзеге аспақ. Ал, жаңа кәсіп бастау үшін бұрыңғы 583 500 теңге, бүгінгі күні 1 200 000 теңгені құрап отыр. Аталмыш сомманы алу үшін де жоғары да айтылған қағидаларды орындау шарт екендігін ұмытпаған абзал.
 

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ