Геннадий Шиповских Қызылорда қаласындағы медициналық нысандарды аралады

327
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских Қызылорда қаласындағы медициналық нысандарды аралады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін  Бақытбек Смағұл пен Геннадий Шиповских бірге медициналық нысандарды аралады. Аралау барысында Қызылорда қаласының медицина саласында кадр жетіспеушілігі әлі де өзекті күйінде қалып отырғанын айтты.
"Қызылорда қаласында әріптесім Бақытбек Смағұл ағаммен бірге медициналық нысандарды аралаумен бастадық.Аралау барысында халықпен кездесіп әрі жүздесіп түрлі мәселелерге жауап бердік. Негізгі мәселе аса маңызды мамандардың жетіспеуі.Мысалы білікті кардиологтар және педиаторлар.Одан кейін сол жиындардан шығып Белкөл кентіне қарасты, Бірқазан елді-мекеніне барып, халықпен кездестік.Ол жақтағы басты мәселелер бұл аяқ су, жол мәселесі және инфрақұрылым дүниесі дамымай тұрғаны.Халықтын басты сұранысы осы мәселелер.Сол жиындарда болған жергілікті атқарушы билік өкілдеріне тапсырма беріліп, алдағы уақытта осы мәселелер шешімін табады деген ойдамын", - деді Геннадий Шиповских.
Сонымен қатар, Геннадий Шиповских  Қызылордадағы локомотив депосының пайдалану цехында теміржолшылармен кездесті. 
"Кезегімен сөз алған біздер теміржол саласын одан әрі дамытуда «Қазақстан темір жолы» компания тарапынан жасалған жұмыстардың жүзеге асырылуы деңгейін көру, ашық пікір алмасу арқылы жұмыстағы негізгі проблемалық мәселелерін анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіретіндерімізді жеткіздік", - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских. 
Кездесу барысында теміржол саласын дамытуға қатысты мәселелерін ортаға салды. Қазіргі таңда орын алып отырған қымбатшылық жайыда сөз болды.
"Ел экономикасының күре тамыры саналатын теміржол саласындағы локомотив саланың қозғаушы күші. Өзім сайланған өңірдің ахуалымен танысу, бірге жұмыс жасаған ортадағы әріптестерімнің жағдайын білу, мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерде жүзеге асу барысын көру мақсатында келдім. Экономиканың негізгі тірегі- қарапайым еңбек адамдары. Сондықтан бірінші кезекте еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалу жағдайы басты назарда болу керек. Барлық көтерілген өзекті мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жеткізілетінін, оның шешілуіне ат салысатынымызды, сөз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс жасайтынымызды айтып тарқастық", - деді Геннадий Шиповских.