Шенеунік жүк көліктерін кедергісіз өткізу үшін 50 мың теңгеден алып отырған

638

Жетісу облысында Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары әр жүк көлігінен 50 мың теңге алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша, шенді жүк көліктерінің кедергісіз қозғалуы үшін пара алып отырған. 


“Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады”, – деп жазылған хабарламада. 


Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 


Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.