Жеңіл көлік суға кетіп, бір үйдің екі қыз қаза болған

1 525

Фото:©pixabay.comАқмола облысында су қоймасы жағасындағы отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

11-ші шілде күні Целиноград ауданына қарасты Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су қоймасында жеңіл автокөлік суға кетіп, салдарынан 8 және 12 жастағы апалы-сіңлілі екі қыз көз жұмған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасы демалыс күндерін табиғат аясында өткізу үшін су қоймасының жағасына келіп, сол жерде қонған. Келесі күні таңертең қыздар суға шомылып болған соң, киімдерін ауыстыру үшін жағалауда тұрған автокөлікке отырған. Сол сәтте көлік белгісіз себептермен өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға құлаған. Балалардың әкесі қыздарын құтқаруға ұмтылғанымен, көліктің есігін аша алмаған. Сондай-ақ көліктің терезесін сындыру әрекеті де нәтиже бермеген. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік санаулы сәттің ішінде толықтай суға батып кеткен. Оқиға салдарынан екі қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу басталып, көліктің не себепті өздігінен қозғалғаны және қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.