Жас жұбайларға 30 күндік ақылы неке демалысы енгізілді

1 966

Қытай билігі бала туу көрсеткішін арттыру үшін жас жұбайларға 30 күндік ақылы неке демалысын беруді енгізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Негізінен Қытайдағы ең төменгі ақылы демалыс 3 күнді құрайды. Бірақ ақпан айынан бастап провинциялар некеден кейін демалыс берудің өз ережелерін белгілей бастады.

Солтүстік-батыс Ганьсу провинциясы мен көмір өндіруші Шаньси провинциясы қазір ең көбі 30 күндік ақылы "неке демалысын" береді. Ал Шанхайда 10 күн, Сычуаньда әзірге 3 күн берілуде.

Оңтүстік-Батыс қаржы және экономика университетінің Әлеуметтік даму зерттеу институтының деканы Ян Хайянның сөзінше неке демалысын ұзарту туу көрсеткішін арттырудың тиімді әдісі.

Ол мұндай шараларды негізінен экономикасы салыстырмалы түрде баяу дамыған кейбір провинциялар мен қалаларда енгізу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.