ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ШАРТЫ ӨЗГЕРДІ

971
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грант беру шарттарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік грант мөлшері 200 ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артты, биыл 1 225 200 теңгені құрайтын болады. 

«Бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар  үміткер бола алса, биылғы жылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар ғана грант ала алады. Әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек алушы отбасы мүшелері, көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және қандастар жатады, -деді Өңірлік палатаның бөлім басшысы Гаухар Елеусінова.

Сонымен қатар, биылғы грант беру процесі электронды түрде өтеді. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен биыл да онлайн-форматта өткізіледі. Ал, оқыту процессі тегін жүретіндігі көрсетілді. Оқытылатындардың 30 пайызы – 29 жасқа дейінгі жастар, 30 пайызы – әлеуметтік осал топтар санатына сәйкес келуі туралы өзгерістер енгізілді. 

Ал, оқу 2022 жылдың   наурыз айының соңында басталады деп жоспарлануда. Оқуды аяқтау туралы сертификат үш жылға жарамды.