«Сырт киім кимедіңдер ме?»: Ерлан Қошанов Президентті даладан күтіп алды (ВИДЕО)

497
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдау жасау үшін Парламент ғимаратына келген сәтінен видео жарияланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Президентті кіреберісте Премьер-министр, Сенат және Мәжіліс төрағалары, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы қарсы алған.

Тыстағы жылы жүздесу кезінде Президент пен Мәжіліс төрағасы арасында кісі көңілін жібітерлік диолог өрбіді.

Өзін қалың киімсіз күтіп тұрған азаматтарды көрген Қасым-Жомарт Тоқаев «Сыртқы киім керек емес пе?» деді. Оның бұл сөзі видеода анық естілмейді. Бірақ Ерлан Қошановтың «Жоқ. Дала жылы» деген жауабын анық естуге болады.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Президенттің жанашырлығын жарыса жазып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.