Оқушы қыздар көп қабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп кеткен

1 347

Фото: Orda.kzҚаланың Алмалы ауданында 16 қыркүйек күні ек қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тұрғын үй кешенінің маңындағы асфальттан оқушы қыздардың мәйіті табылған. Оқиға куәгерлері төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері жеткенімен, балаларды аман алып қала алмаған.


Аталған жағдайға Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.