Елбасының кенже қызы Әлияның компаниясы 20 млрд теңгені заңсыз аударғаны белгілі болды

385
Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаеваға қарамағындағы «Оператор РОП» ЖШС Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа 20 млрд теңгені заңсыз аударған.

Arasha.kz 5 жыл утильалыммен айналысықан «Оператор РОП» ЖШС-ның қалай жұмыс істегенін тексеріп жатқан құқық қорғау органдарының алғашқы мәлімдемесін жариялаған. Олардың айтуынша, Назарбаеваның қарамағындағы компания Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа, дәлірек айтқанда «Recycling Company» ЖШС-не 20 млрд теңгені заңсыз аударған.

Қазіргі таңда «Оператор РОП» ісі бойынша бірнеше жауапты адам қамауға алынған. Олардың бірі – украиндық Светлана Коротенко. Коротенко 2016-2019 жылдар аралығына «Оператор РОП» ЖШС-н басқарған.

Айта кетсек, Светлана оған дейін шығармашылықпен айналысқан. Ол Ақан Сатаевтың «Анаға жол» фильмінде продюсер болған. Ал фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева.