Әйел сапасыз протез үшін мүгедектер бірлестігінен 2 миллион теңгеден аса ақша өндіріп алды
Шымкент тұрғыны мүгедектер қоғамдық бірлестігі сапасыз протез бергені үшін олардан 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты мүгедектігі бар әйелдің мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне қарсы материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызын қараған.
Әйел 12 жылдан астам уақыт бойы жауапкерден аяқ протезін алып келген. Алайда 2025 жылы берілген негізгі протез бен қосымша протез екі айдың ішінде жарамсыз болып қалған. Салдарынан денсаулығына зиян келіп, еркін қозғалудан қалған.
Сөйтіп сот бірлестікті талапкердің пайдасына тағы 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді міндеттеген.







