Қазақстан пойыздарында оқыс жағдайда көмек шақыру үшін SOS батырмасы пайда болады
288
"Жолаушылар тасымалы" АҚ сервис департаментінің директоры Ботагөз Әкімова журналистермен кездесуінде жолаушылардың қауіпсіздік мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ботагөз Әкімова қазіргі уақытта пойыздарда оқыс оқиғалар болып тұратынын мойындады.
Оның айтуынша, пойыз жолаушыларының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету жұмысы жалғасын тауып жатыр.
Ботагөз Әкімова қазіргі уақытта пойыздарда оқыс оқиғалар болып тұратынын мойындады.
"Өкінішке қарай, пойыздарда төбелес, жанжал және басқа да фактілер болып жатады. Әрине, оқыс жағдай пойызда ғана емес, кез келген жерде болуы мүмкін. Жолаушыға қауіп төнген жағдайда алдымен пойыз жолсерігіне жүгінген жөн. Содан соң жолаушылардың қауіпсіздігі туралы нұсқаулыққа сәйкес пойыз басшылығы тиісті шара қабылдайды", - деді Ботагөз Әкімова БАҚ өкілдерімен өткен бейресми кездесу барысында.
Оның айтуынша, пойыз жолаушыларының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету жұмысы жалғасын тауып жатыр.
"Өткен жылы пойыз вагондарында SOS батырмасын орнату мәселесі қолға алынды. Яғни қауіп төнген жағдайда жолаушы батырманы басып, жолсерікті көмекке шақыра алады. Сонымен қатар жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері де тартылады. Өкінішке қарай, аталған мамандар барлық пойызда жоқ. Бұл мәселе бойынша біз Ішкі істер министрлігіне бірнеше рет жүгіндік. Біздің қызметкерлермен қатар ішкі істер органдары мамандарының да болғаны абзал", - дейді ол.