Медицина қызметкерін балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады

1 528

Фото: Абзал Калиев SputnikАқтөбе облысы Шалқар ауданында фельдшерге былапыт сөз айтқан тұрғын айыппұл төлеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Шалқар тұрғыны 103 телефон нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Алайда шақырту қабылдаған диспетчер-фельдшерді балағаттаған.

"Фельдшерге қатысты өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөздер айтып, құрметсіздік танытқан", - дейді сотта.

Тұрғынның мәселесі сотта қаралған. Ол өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Ал балағат сөз естіген фельдшер кешірім берген.

Сот үкімімен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 801-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 129 750 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сот қаулысы заңды күшіне енген.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.