Қала бюджетіне қандай өзгерістер енді?
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХVІІІ сессиясының күн тәртібіндегі мәселенің бірі – «2024-2026 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №85-11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Бұл туралы «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлама жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қала бюджетінің кірісі облыстық бюджеттен бөлінген 3 273 960,9 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен көбейтіліп, 1 миллион 200 000 мың теңге кредит есебінен азайтылғаны ескерілді.
Қала әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы №250 қаулысымен қала бюджетінің кірісі облыстық бюджеттен бөлінген 438 070 мың теңге нысаналы даму трансферттері есебінен көбейтілгені ескерілді. (1-қосымша)
Сонымен қатар, 301 103 «Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер» кодынан 1 017 265,2 мың теңге қаржы 501 100 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кодына ауыстырылды.
Осыған байланысты шешімнің 1 тармағының 1 тармақшасы барлығы 2 миллион 694 768,0 мың теңгеге көбейіп 62 миллион 899 955,8 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 миллион 017 265 мың теңгеге азайып 7 249 045,8 мың теңгені, трансферттердің түсімдері 3 712 033,2 мың теңгеге көбейіп 42 203 403,0 мың теңгені, бюджеттік кредиттерді өтеу 1 миллион 149 482,7 мың теңгені, қарыздар түсімі 1 миллион 200 000 мың теңгеге азайып 2 451 162,0 мың теңгені, ал қалалық бюджет кірістерінің көлемі 74 416 676,2 мың теңгені құрауда.
Сессия барысында шығындар көлемі де айтылды. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен 2 512 030,9 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері бөлінуде (1-қосымша), кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ішінара өзгерістер енгізілді.
Қалалық құрылыс бөлімі 467 006 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан пайдаланылмаған 3 906 543,6 мың теңге және кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген 38 800,0 мың теңге, барлығы 3 945 343,6 мың теңге қаржы төмендегіше қайта бағытталды.
Қалалық мәслихат аппараты:
001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына еңбек ақы қорына 642,0 мың теңге
Қала әкімі аппараты:
001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына барлығы 7 075,0 мың теңге оның ішінде, іс басқармасы мекемесінің ағымдағы шығындарына 4 075,0 мың теңге және қала әкімдігінің серверін кибер шабуылдарын қорғау мақсатында барлық графикті бақылайтын желілік экран және электронды пошта сервистерін KZ домендік атымен ашуға 3 000,0 мың теңге;
009 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында барлығы 18 889,0 мың теңге, қызметтік автокөлік сатып алуға 18 690,0 мың теңге және материалдық техникалық базасын нығайтуға 199,0 мың теңге;
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша ВИЧ инфекциясымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек үшін 1 042,0 мың теңге;
013 «Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу» бағдарламасы бойынша барлығы 4 032,0 мың теңге, оның ішінде орталық ғимаратының кіре берісіне стандартқа сай пандус орнату үшін 252,0 мың теңге, әлеуметтік саладағы медициналық қызметкерлердің көбейген жалақысына қосымша 3 780,0 мың теңге;
015 «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтары»бағдарламасы бойынша әлеуметтік саладағы медициналық қызметкерлердің көбейген жалақысына қосымша 5 166,0 мың теңге;
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі:
005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 500,0 мың теңге;
Қалалық экономика және қаржы бөлімі:
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бағдарламасына барлығы 55 547,2 мың теңге, оның ішінде Тасбөгет кенті, Сабалақ саяжайының 15 көшесіне жарық шамдарын орнатуға 21 745 мың теңге және Тасбөгет кенті көшелеріне жарық шамдарын орнату жұмыстарына (Өткелбаев, Жангельдин, Жанкин, Әбілқасымов, Сейфуллин, Мамбетов) 33 802,2 мың теңге;
Қалалық ауыл шаруашылығы мен жерқатынастары бөлімі:
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 500,0 мың теңге;
Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі:
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №380 санды қаулысына сәйкес «Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта құрылуына байланысты 001 «Дене тәрбиесі, спорт және туризм саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бағдарламасына барлығы 2 723,0 мың теңге оның ішінде, ағымдағы шығындарына 1 293,0 мың теңге және мүмкіндігі шектеулі спортшыларға фитнес залын жалға алу шығынына 1430,0 мың теңге.
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына барлығы 1 108,0 мың теңге 1-С бағдарламасын сатып алуға 608,0 мың теңге, 1 дана компьютер жиынтығын сатып алуға 500,0 мың теңге.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:
003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша қалалық мәдениет Үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік кәсіпорынына қарасты А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің сахнасына мүгедектігі бар адамдарға пандус орнату үшін 1 500,0 мың теңге;
006 «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасына 250,0 мың теңге «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік кәсіпорынына өрт қауіпсіздігін эвакуациялық жоспарын сыздыруға; 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік кәсіпорынына өрт сөндіргіш құралдарын сатып алуға 522,0 мың теңге;
Қалалық құрылыс бөлімі:
001 «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына барлығы 50 221,5 мың теңге, оның ішінде ағымдағы шығындарына 221,5 мың теңге, Қызылорда қаласы аумағында орналасқан нысандардың жерге орналастыру жобасын жер кадастрлық жоспарын әзірлеу, техникалық паспорттарын әзірлеу және жер құжаттарын тіркеу жұмыстарына 50 000 мың теңге;
036 «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына барлығы 21 559 мың теңге, оның ішінде Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылы, Наурыз елді-мекені және Абай, Досан ауылдарындағы газ тарату құбырларының құрылысына қызмет көрсетуге 19 999 мың теңге және "Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекенінде жеткізуші газ құбырын салу" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алуға 1 560 мың теңге.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі:
001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына Қызылорда қаласы, Желтоқсан 156А мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 350 997 мың теңге;
002 «Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру» бағдарламасына Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өтпесін салу үшін 25 жер учаскесін сатып алуға 300 000 мың теңге;
022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасына барлығы 2 876 002,2 мың теңге, оның ішінде "Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін магистральды көше құрылысы" жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және сараптама қорытындысын алуға 12 000,2 мың теңге, Қызылорда қаласы Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә. Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін қайта жаңғыртуға 550 000 мың теңге, Қызылорда қаласында Қорқыт ата көшесінен көлік жол айрығына дейін Жаппасбай батыр көшесін реконструкциялауға 2 314 002 мың теңге;
023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына 21 543 мың теңге, оның ішінде "Самара-Шымкент-Қызылорда" аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және сараптама қорытындысын алуға 14 043 мың теңге, "Қызылорда қаласы, Сағымбаев көшесін Торайғыров көшесінен Қызылорда-Құмкөл автожолына дейін күрделі жөндеу" жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу және сараптама оң қорытындысын алуға 7 500,0 мың теңге;
048 «Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» бағдарламасына барлығы 160 000 мың теңге, оның ішінде «Саяхат» каналының құрылыс жұмысына жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 10 000 мың теңге, Қызылорда қаласы Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә. Бокейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін қайта жаңғырту (Қожа Ахмет Яссауи көшесі бойын көгалдандыру және абаттандыруға) 150 000 мың теңге;
059 «Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу» бағдарламасына Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Тасарық мөлтек ауданы №10,15 Мұстафа Шоқай көшесі №11 және Наурыз мөлтек ауданы №31, 31А, 32 мекен жайларындағы ғимараттардың шатырларын қалпына келтіруге 45 524,7 мың теңге;
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі:
468 003 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бағдарламасына Қызылорда қаласы бойынша мафтармен және аумақты абаттандырумен (код-дизайн) қолданыстағы ғимараттардың қасбеттерінен қызыл сызықтар шегінде көше-жол желісін әзірлеуге 20 000 мың теңге.
Сонымен қатар, кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына ішінара өзгерістер енгізу жоспарлануда:
Қала әкімінің аппараты:
005 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасынан 2 625,0 мың теңгені 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламасына;
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасынан 16 803,1 мың теңгені 009 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына ауыстыру.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:
006 «Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi» бюджеттік бағдарламасынан 956,0 мың теңгені 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына ауыстыру.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі:
022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 2 557,0 мың теңгені 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына ауыстыру.
Осыған байланысты мәслихат шешімінде 1 тармақ 2 тармақшадағы бюджет шығындарының жалпы сомасы 61 250 078,3 мың теңгені, бюджеттік кредиттер 2 451 162,0 мың теңгені, қаржы активтерін сатып алу 1 940 004,0 мың теңгені құрады.
Шығындардың қалған бөлігі ҚР Бюджет кодексінің 13, 15, 16, 17, 18 баптарына сәйкес бюджет құрылымы негізінде әзірленді.