БҚО-да бухгалтер 31 миллион теңге жымқырған

421
Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық білім бөлімінің бухгалтері 31 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Тергеу барысында ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал прокурор соттан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Күшаева Ақкенже ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған. Оған мүлкін тәркілемей, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.