«Нұрлы жол» вокзалының төбесі ортасына түсті

1 512

Фото; Pinterest«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Нұрлы жол» вокзал кешені 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі құлағанын растап, себебін мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 22 шілде күні сағат 19:45–те «Нұрлы жол» вокзал кешені 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі құлау фактісі тіркелді.

— Вокзал кешенінің қызметкерлері аталған аумаққа тексеру жүргізіп, нөсер кәрізі жүйесіндегі құбырлардың жалғанған тұсы зақымдалғаны анықталды. Құбырлардың жігін саңылаусыздандыру және нөсер кәрізі жүйесі құбырларының қосылған тұстарын қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ақау шыққан аумақ тазартылып, жуылды. Сондай-ақ, қалдықтар шығарылды, — делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.