6 жасында педофил құрбаны болған қоғам белсендісі президентке үндеу жолдады

424
Құқық қорғаушы Ляззат Ракишева өз үндеуінде президенттен елдегі зорлық-зомбылыққа тұсау салуды өтінді. "Мен Ляззат Ракишева төрт баланың анасы ретінде, үйден тысқары шыққанда жаны мен арының амандығы үшін алаңдаулы күй кешетін әйел ретінде, 6 жасымда "педофил" құрбаны болған жәбірленуші ретінде , зорлық-зомбылыққа қарсы "Human Right Layers" қоғамдық қорының басшысы ретінде, құқық қорғаушы ретінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, елдегі зорлық-зомбылыққа тұсау салынуын сұраймын", - дейді ол.  "Президент мырза, әлсіздер әлі басымдардан жәбір көремін бе деп қашанғы қорқуы керек? Зорлау, ұрып-соғу, қинау, адамның жанын қию секілді жаңалықтар күн сайын дүркін-дүркін құлаққа жетуде. Мемлекет тарапынан нақты әрі тиімді шаралар қабылдану үшін әлі қанша ғұмыр қыршынан қиылып, қаншама балалық ұрлануы тиіс? Зорлық-зомбылық жасағандардың жазасын қатаңдататын уақыт баяғыда келді. Қылмыс жазасыз қалғандықтан, зорлық та белең алуда. Статистикаға сүйенсек, 2016 -2020 жылдар аралығында балаларды зорлау күрт көтерілген! Біздің патриархалды қоғамда жәбірлеу қалыпты құбылысқа айналды, тіпті құқық қорғау құрылымдарының өзі жағдайға бейжай қарайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс санатына жатпайды, сондықтан да мыңдаған әйел бұрынғы және қазіргі күйеулерінің тоқпағына үнсіз шыдап, көк ала қойдай болса да, көніп жүр.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.