Ер адам педофил деген айып тағылған соң өз-өзіне қол жұмсады

300
Полицияның қателігінен кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық қатынасқа түсті деп айып тағылған ағылшын азаматы қысым көріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2017 жылы Англияның Кливленд қаласында болған. 34 жастағы Брайан Темпл шұжық қорабын ұрлады деген күдікпен қамауға алынды.
Бостандыққа шыққанда оған 13 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болғаны көрсетілген басқа біреудің құжаты қате берілген.

Ер адам құжатта не жазылғанына мән бермей, үйіне оралған бойда сүйіктісіне қағазымен бірге заттарды берген. Қыз жазбаны оқығанда, шошып қалып, басқаларға Брайанның педофил екенін айтқан.

Осыдан кейін ер адамға қысым көрсетілді, оны қорлап, соққыға жыққан. Осыған байланысты Брайан Темпл депрессияға түсіп, ішімдік пен есірткіні қолдана бастаған және ақырында өз-өзіне қол жұмсаған. Жеке қасіретіне айналған құжат оның қалтасынан табылған.
Полиция жағдайды "адамның қолынан кеткен қателік" деп мәлімдеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.