Жасөспірімді таяқпен сабаған күзетші сотталды
Шымкентте жасөспірімді таяқпен ұрған ЖШС күзетшісі үш жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
28 маусым күні күзет қызметін атқарып жүрген күзетші футбол алаңының қоршауынан секіріп өткен жасөспірімді ұстап алып, кешірім сұрағанына қарамастан, резеңке таяқпен бірнеше рет ұрған. Салдарынан жасөспірім жеңіл жарақат алған.
Сот күзетшінің кінәсін дәлелдеді. Прокурор үш жыл бас бостандығынан айыруды және екі жылға күзет қызметімен айналысу құқығынан айыруды сұрады. Зардап шегушінің өкілі кінәліні кешіріп, жазаны соттың қарауына қалдырды. Айыпты өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза сұрады.
Сот оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
«Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қылмысын мойындап, шын ниетпен өкінгенін, жәбірленуші өкілінің кешірім беруін ескерді, ал қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот, И. ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп мәлімдеді Шымкент қалалық соты.