ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ АЛЯҚТЫҚТЫ ТОҚТАТА АЛАДЫ МА?

1

Фото коллажҚызылордалық полицейлер интернет алаяқтықпен күресуде дәрменсіздік танытуда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға көшкен. 

Алаяқтық схемасы да қарапайым кез келген адамның әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Instagram, Whatsapp, Telegram секілді мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. 

Қазіргі уақытта бұл әккілердің кім екенін, олардың қайдан хабарласқанын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде дейді. Алайда жедел-іздестіру шаралары ең кемінде 7-15 күн аралығын қамтиды деген заң өкілдері кибер топтың 2023 жылы атқарған жұмысының нәтижесін атап өте алмады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылары БАҚ өкілдерімен бас қосты. 

Бүгінде киберқылмыс – еліміздегі алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету аясы кеңіген сайын бұл қылмыстың түрі де қарқын алып, айла-тәсілі де түрленіп келетіндіктен болар Қызылорда қалалық полиция  басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жаукеев Ердәулет Баянбайұлы мен Қызылорда қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары Ақбаев Айдос Османалиұлы  2023 жылдың қорытындысын айтудан ұялды ма, әлде қабылданбаған арыздың көптігінен бе, статистикамен сөйлегісі келмеді. 

 

«2024 жылы 2 ай 5 күнде 83 қылмыстық іс тіркелді. Ол дегеніміз   2023 жылмен салыстырғанда 2,5 %-ға төмендеді.»,-  дейді полиция полковнигі Жаукеев Ердәулет Баянбайұлы.

Бір жылдың нәтижесін 2 ай мен салыстыруы санаға сыйымсыз. Басшылықтың қылмысты жасыруы ма, әлде арнайы кибер полицейлердің жұмыс жасамауы ма? Десек те, аляқтарға жем болған жергілікті тұрғындар саны көбеймесе азаяр емес. 

Арыз жазылса да мұндай қылмыстың ашылмайтынын ашып айту қиынға соқса керек. Тергеу бөлімі басшысының айтуынша, қылмыскер табылғанша 10-20-30 жыл бойына сіздің ісіңізді  уақытша мерзімін тоқтатынын атап өтті. Ол дегеніміз ісіңіздің зерттелмейді, яки мерзімі өтпейді сол күйі уақытша мерзімін тоқтатылады-мыс.

Арызыңызды қабылдаймыз, бірақ іс ашылады деп айта алмаймын. Бұл сала бізде «әлі дамымағандығына»  мойынсұну заң қызметкерлері үшін қиынға соқса керек. 

Демек, бұл саланың «дамымаған»  екенін білетін ғаламтор алаяқтарының қылмыстық істері елімізде алдағы уақытта, тіпті шарықтай береді деген сөз бе бұл?!

Алаяқтар айласын одан әрі асырып, полиция қызметкерлері күреспей жатып, жеңілдік дейтіндей, заңымыз қылмыстың өтеуі болатындай, жазамыз жоқ ел емеспіз. Ендеше, ауадан ақша жасап отырғандар кімдер? Құқық қорғау орындары неге дәрменсіздік танытады? Бұл бірінші оқиға емес. Шетелдік есеп-шоттарға аударылған ақша екендігін білсе демек есеп-шот не жеке, не заңды тұлғаның атына рәсімделуі тиіс емес пе? Осы орайда ізін суытпай табуға мүмкіндік бар болғаны. 

Ал, жергілікті полиция қызметкерлері тек алаяқтардан қалай сақтану керек екендігін атап өткеннен басқа дәрменсіз болғаны ма?   Бұл осы саланы меңгеріп отырған қызметкерлердің біліксіздігі емес пе? Тіпті алаяққа алданған қызылордалықтар 5 – 10 миллион теңгелерінен айырылып қалғандығын  тергеу бөлімінің басшысы орынбасары Ақбаев Айдос Османалиұлы  атап өтті.