Алматыда картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды

412

Алматыдағы "Магнум" супермаркетінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Instagram" әлеуметтік желісіндегі krispi_almaty парақшасында супермаркеттегі сурет жарияланды. Сатып алушылар дүкен тарапынан қойылған бұл шектеуге наразылықтарын білдірді.



"Магнум" супермаркеті неліктен шектеу қойғандарын түсіндірді. 


"Арам ойлы кәсіпкерлердің алып-сатуын болдырмау үшін бір адамға 5 келіден беріледі", - деп мәлімдеді дүкен өкілі. 

Алматы кәсіпкерлер басқармасы бұл ақпаратты растады. 

"Магнум" супермаркеттерінде картоп пен қант сатылымына шектеу қойылғаны рас. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылды. Бұл әлеуметтік қажетті өнімдермен халықты теңдей қамтамасыз ету және қолжетімді бағаны ұстап тұру мақсатында жасалады", - деп хабарлады мекеме. 

Басқармадағылардың айтуынша, алып-сатарлар таңғы уақытта өнімнің көп бөлігін сатып алып, өз дүкендерінде қымбат бағаға саудалаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.