Бишімбаев ісі: «Аса қатігездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды
Ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруге қатысты қылмыстың санкциясы – бас бостандығынан айыру, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Курсив сайтына сілтеме жасап.
Бейсенбі күні өткен Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен «аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Бишімбаевқа қатысты «аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тергеу органдары сіздерге қосымша ақпарат береді. Ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруге қатысты қылмыстың санкциясы – бас бостандығынан айыру, – деді журналистерге Жандос Өмірәлиев.
Бас прокурордың орынбасары Қуандық Бишімбаевтың туысы қылмысты жасырғаны және полицияға хабарламағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанына тоқталды.
Сіздерге ағасы ма, інісі ме, қазір айта алмаймын, туысы екені анық. Ол сол күні қасында болған, полицияға ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабарламаған. Бұған қоса қылмысты жасыруға көмектескен. Мұндай әрекетке қатысты Қылмыстық кодексте жеке бап бар, – деп түсіндірді Жандос Өмірәлиев.
Ол тергеу органдары қылмыстық істі апта сайын талқылап жатқанын, қылмыстық іс бас прокурордың ерекше бақылауында тұрғанын айтты.
Қылмыстық іс бойынша барлық тиісті сараптама тағайындалды. Сіздерге барлық ақпарат берілді. Марқұмның өлімі Қуандық Бишімбаевтың заңсы іс- әрекетінің нәтижесі екені сөзсіз. Қылмыстық істің нәтижесі бойынша, сараптама әзірленгеннен кейін тергеу органдары қосымша хабарлайды, – деді бас прокурордың орынбасары.