Жақын арада қыруар қаржыға жөнделген жолды су шайып, жарамсыз болып қалды

176

Жетісу облысында жақында салынған жолды еріген қар суы шайып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Кербұлақ ауданында еріген қар суының жолды шаюы салдарынан Малай Сары стансасына баратын жол жартылай бұзылып, жарамсыз болып қалды. Прокурорлар тексеру кезінде аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.


"Бастапқыда бұл жұмыстар ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізіліп, мемлекеттік органға жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамасыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау міндетінен босатады", - деп мәлімдеді Жетісуға облыс прокуратурасындағылар.


Ведомстводағылар хабарлағандай, заң бұзушылықтар салдарынан су бұру жүйесінің қуаты есептелмей, атқарылған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.


Аталған факті бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.