Түркістан облысында күдікті полицейдің аяғына пышақ сұғып алды
492
Есірткі сақтаған күдіктіні тергеуге жеткізу барысында учаскелік инспектор пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы рейд кезінде жүрісі күдік тудырған жаяу жүргінші тоқтатқан.
Тексеру барысында ер адамнан есірткі табылған. Мамандар бұның марихуана екенін анықтаған.
Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабымен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын сату мақсатынсыз заңсыз өңдеу) сотқа дейінгі тергеу басталған.
Кейінірек, күдікті тергеуге шақырылған. Алайда ер адам келмеген соң учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Асқар Уәлиев күдіктіге жолығып, заңға бағыну қажет екенін түсіндіреді.
Осы кезде күдікті асхана пышағын алып, күтпеген жерден полицейдің аяғына сұғып алған. Содан соң оқиға орнынан қашып кеткен.
Куәгерлер тез арада жедел жәрдем көлігін шақырған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түскен. Ол тұрғылықты мекенжайында ұсталған. Одан айғақ ретінде асхана пышағы тәркіленген.
Бүгінде ер адам қамауда отыр. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабынан бөлек, 380-1-бабы 1 бөлігімен (Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің өміріне қолсұғушылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицияның дерегінше, жарақат алған Асқар Уәлиев ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері, ал учаскелік инспектор болып 2015 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта полицей ем қабылдап жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.