"Мені халық емес, депутаттар таңдады" - желіні шулатқан әкім сөгіспен құтылды

922
Алматы облысы Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаевтың мәлімдемесі халықтың ашуын туғызды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Желіде тараған видеода жергілікті тұрғын әкімге оқиға болған жерге келуі керегін және өзін сайлаған халықпен бірге болуға міндетті екенін айтқан. 

Сіз қателесесіз. Мені депутаттар таңдады. Егер келесі жолы сайлауға қатысатын болсам, онда халық сайлайды, - деді Жасұлан Оңалбаев.


Бұған шамданған ауыл тұрғыны одан: "Сіз кім үшін жұмыс істейсіз? Депутаттар үшін бе" деп сұраған. Оңалбаев алдымен "жоқ, әрине" деп жауап береді, артынан "иә" деп қосады.

Кеше Оңалбаевқа сөгіс жарияланғаны белгілі болды – бұл туралы өңірдің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мәлім етті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.