Мұрат Ергешбаев: Ауданның экономикалық дамуында өзіндік қолтаңбасы бар

157

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев қаржы саласының ардагері Құралай Әбілхайырованы арнайы қабылдап, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Құралай Әбілхайырова ауданның экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан жан.

Мерекелік қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, зиялы қауым өкілдері мен қаржы саласының мамандары қатысты.

Аудан басшысы өз сөзінде мерейтой иесінің өмір жолына тоқталып өтті.

«Құралай Әбілхайырова ауданның қаржы саласының дамуына қосқан үлесі зор. Сала ардагері еңбек жолын аудандық қаржы инспекторы ретінде бастап, Сырдария орман шаруашылығында бас есепші, облыстық, аудандық қаржы бөлімінің басшысы, аудандық жинақ бөлімінің басшысы, зейнетақы төлеу мекемесінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Ауданның экономикалық дамуында өзіндік қолтаңбасы бар. Бүгінде сол ұзақ жылғы еңбегінің жемісін көріп, ардақты ардагер ретінде ұрпақтарының қызығын көруде», – деген аудан әкімі мерейтой иесіне мерекелік «Құттықтау» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.

Қабылдауда аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, мәдениет саласының ардагері А.Бақтиярова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік төлемдер бойынша Сырдария аудандық бөлім басшысы С.Еламанов, «Халық» банкінің Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық басқармасының басшысы А.Палымбетов ауданның қаржы саласының өсіп-өркендеуінде Құралай Әбілхайырованың есімі ерекше аталатынын атап, құттықтау лебіздерін білдірді. Өз кезегінде мерейтой иесі арнайы құрмет білдірген жандарға шынайы ризашылығын білдірді.