Делдал болған шенеуніктер бас бостандығынан айырылды

486

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-turkestan/press/news/details/422393?lang=ruШымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З. Мараимовке, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.М. Ағабекке, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Е.С. Турсунбековке және «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС-ның құрылтайшысы К.К. Кожахметовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарыда аталған адамдар «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған.

Сот үкімімен Е.З. Мараимовке қатысты 8 жыл мерзімге, А.Ағабекке қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Кожахметовке қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С. Турсунбековке қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар мемелекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.