544 мыңнан астам адам мүгедектік бойынша жәрдемақы алады екен

1 505

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда мүгедектігі бар 544 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы ауруға байланысты мүгедектік бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

I топқа – 111 873 теңге;

II топқа – 89 498 теңге;

III топқа – 61 022 теңге.

Сонымен қатар I топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын азаматтарға жеке мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Төлемді ХҚКО, eGov.kz порталы немесе проактивті қызмет арқылы рәсімдеуге болады. Проактивті форматта мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа SMS-хабарлама келіп, жәрдемақы тағайындауға келісім беру жеткілікті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.