Бухгалтермен 758 миллион теңгеден астам ақша жымқырған

1 577

Фото: Stan.kzЖамбыл облысының қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Шаушенова мен бас бухгалтер Достаеваға қатысты үкім шығарды.

“Олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.