Базарда сатушыны балағаттаған зейнеткер істі болды

155

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер  базарда балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласының екі тұрғыны жергілікті базарда жанжалдасып қалған. Онда екі әйел де сатушы болып жұмыс істейді.


YK-news басылымының жазуынша, саудагерлердің бірі екіншісін балағат сөздермен қарғаған.


Зейнеткерге қатысты полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Іс сотқа жіберілді. Кейін зейнеткер Шемонаиха аудандық сотына шақырылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Әйелге 12 075 теңге айыппұл салынды.


Еске салайық, 7 наурызда Қазақстанда әдепсіз сөздер үшін жазаны қатайтатын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енді. Азаматтарға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.