Тойда уланғандар мейрамхана иесінен 6 млн теңге өтемақы талап етті

1 391

Фото: pixabay.comБиылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 16 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен жалпы сомасы 6 млн теңге талап етіп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олар жергілікті сотқа ұжымдық талап арыз түсірген. Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған. Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірованың айтуынша, тамақтан ұшынған 16 адам мейрамхана иесін сотқа беріп, матеиалдық және моральдық шығын өндіріп алмақ ниетте. 

Бұл азаматтардың барлығы улану оқиғасынан соң екі аптадай стационарлық ем қабылдаған. Қымбат дәрі-дәрмек сатып алған. Ауруға байланысты жұмыста бола алмай, табыстарын жоғалтқан. Қазір сот істі қарап жатыр. Аталған тойда барлығы 94 адам тамақтан уланғаны анықталып отыр. Біразынан сальмонеллоз анықталды. Мейрамхана сол уақытта рұқсатсыз жұмыс істеп тұрғаны да белгілі болған. Сальмонеллоз сонда жұмыс істейтін қызметкерден жұққан, — дейді Н.Әубәкірова. 

Қазіргі уақытта полиция кәсіпкерлік нысанын тексеріп жатыр. Құқық қорғаушылар аталған оқиғада қылмыстық әрекеттің болу-болмауын анықтайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.