"Жертөледе есімді жидым"...

487

Фото: pixabay.comПавлодарда қоқыс төгуге шыққан 12 жастағы қыз жоғалып кетті. Кешке қарай ол үйіне өзі келіп, жертөледе есін жиғанын айтқан. Полиция осы оқиғаның мән-жайын анықтады.

22 наурызда кешкі сағат 18:20-да қалалық полиция бөлімшесіне 12 жасар қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түскен.
 
Баланы асырауына алған тәтесі оның қоқыс төгуге шыққанын, бірақ үйге келмегенін жеткізген. 
Осыдан кейін тәртіп сақшылары жасөспірімді іздеуге кіріседі. Іздеу шараларына еріктілер де қосылған. Ал үш сағаттан кейін жоғалған қыз үйге өзі келіпті. 

Ювеналды полиция қызметкерлері баламен сөйлесіп, одан не болғанын сұрайды. Ол есінен танып қалғанын, артынан гараж әлде жертөлеге ұқсас жерде есін жиғанын айтқан. Алайда нақты не болғанын түсіндіре алмағаны белгілі болды. 

Мамандар қызды қарап шығып, ешқандай дене жарақатын таппады. Сөйтсе ол қоқыс шығарғанда қаланы араламақ болып кетіп қалған. Содан адасып, жол таба алмаған. Ал үйге келгесін тәтесінен қорқып, есінен танып қалғанын ойдан шығарып айта салған.

Полицияның мәліметінше, бұған дейін де жасөспірім бірнеше рет рұқсатсыз үйден кетіп қалған көрінеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.