Қазақстан білім сапасы бойынша Қырғызстаннан кейінгі орында

424

Білім беру жүйесінің сапасын анықтайтын рейтингте Қазақстан 93 елдің ішінен 62-орын иеленді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ranking.kz ұсынған зерттеуде білім берудегі үздік елдер Ұлыбритания, АҚШ және Австралия. Ең нашар көрсеткіш деп, рейтинг аяғына Ботсвана жайғасты. 

ТМД елдерінің ішінде білім беру жүйесі сапасының көрсеткіштері біздің елден жоғары ел Ресей болды (36-орын) және Қырғызстан (55-орын).  Қазақстаннан төмен сатыда тұрған мемлекеттер қатарында Әзірбайжан (69-орын) және Түркіменстан (86-орын) болды, –  делінген басылымда.