Блогер 11 жастағы қыздармен көңіл жарастырған

1 607

Фотоколлаж; Orda.kz30 жастағы блогер 10 жастағы бейтаныс қыздарды құшақтап, иіскеп, оларға естен тандырар хабарламалар жазады. Ер адамның ерсі қылықтарын бұрынғы әйелі Құлпынай Калменова өзінің инстаграм парақшасында жайып салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Танымал блогер Құлпынай Калменова өзінің инстаграм парақшасында күйеуі Қолғанат Жұмабаев 11-12 жастағы қыздарға сезімін білдірген хабарламаларымен бөлісті. Жұмабаев нөмірлерін «Айшам», «Тырысқағым» деп сақтап қойған қыздарға «Ғашық болып қалдым ғой», «Жаным, сұлуым» деген хабарламар жазған.

«Ол үлкен әйел, жезөкше, тоқалы болса мен былай ызаланбайтын едім. Бұл жерде кішкентай қыздар, әлі кәмелетке толмаған. Түнгі 12-де он жастағы қызға «мен саған ғашық болып қалдым ғой» деп жазған 30 жастағы ер адамның есі дұрыс па? Оның есі дұрыс емес, бұл қылмыс. Білмеймін қалай 5 жыл бірге өмір сүргенімді, мен қорқамын. Ясинді табыстауға қорқамын», - дейді Құлпынай Калменова.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.