Жолаушылар ішкиімдерін қоғамдық автобустың ішіне жайған

1 105
Астанада автобустың ішіне ішкиімдерін жайған жолаушылар іздестірілуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




CTS Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері
оқиғаның №21 автобуста болғанын анықтады.

Мән-жайды нақтылау үшін автобус салонындағы камералардан бейнематериалдар алынды. Бейнежазбаны қарау кезінде кешкі сағат 20:29-да «Астана саябағы» аялдамасынан отырған жолаушылар автобус салонында асығыс жіп тартып, киімдерді іле бастаған. Келесі Аiland аялдамасына жеткенде ілінген жіп пен заттарын жинап, автобустан шығып кеткен. Олардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқан жайтты ұялы телефондарына түсірген, – делінген компания хабарламасында.

CTS тиісті шара қолдану үшін
видеоны Астана қаласының Полиция департаментіне жолдаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.