Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу ережесі қайта қаралады

1 344

Фото: istockphoto.comМәжіліс депутаттары суық мезгілде көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынатын айыппұлды қайта қарауды талап еткен болатын.Аталған мәселені құрамына мемлекеттік органдар мен депутаттар кіретін ведомствоаралық комиссия қарайтын болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, заңды бірінші рет бұзғаны үшін – 19 660 теңге, қайталанса – 39 320 теңге айыппұл салынады.

«Осы тақырып бойынша депутаттық сауал түссе, бұл мәселе нақтыланып, талқыланады. Сондай-ақ, тексеру нәтижесі бойынша қорытынды шығарылады», - деді Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.