Талай қазаққа арман болған Toyota-Camry-ге қол жеткізу тіптен қиындай түспек

369

Оған себеп – Ресейдегі осы марканы құрастыратын зауыт жұмысының тоқтатылуы. Бұл туралы брендтің ресми сайтында жарияланған болатын,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Кәсіпорынның жабылуы Қазақстан автонарығына да салқынын тигізейін деп тұр. 

Kolesa.kz сайтының жазуынша, "Toyota Motor" компаниясы 3 наурызда Ресей аумағына Toyota және Lexus автокөліктерін тасымалдауды тоқтататыны туралы мәлімдеген. Ал 4 наурызда Санкт-Петербург қаласында орналасқан зауыттың жабылғаны туралы жария етілді. Бұл кәсіпорында Camry седандары мен RAV4 кроссоверлері құрастырылады.

Қазақстанға жаңа Camry көліктерінің дені осы зауыттан жеткізіліп келген болатын. Былтыр елімізде ресейлік кәсіпорыннан шыққан 5600 Camry мен 3200 RAV4 сатылған.

Toyota өкілдері бұл проблеманың туындауына аймақтағы логистиканың бұзылуы себеп болды деп отыр. Әзірге зауыт жұмысын қайтадан қашан бастайтыны белгісіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.