Қазақстандықтар балаларына 22 миллиард теңге алимент қарыз

1 530

Бас прокуратура тұрақты түрде алимент төлемейтін азаматтармен жұмыс жасау туралы айтты, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бөлім қарыздардың төленбеуінің басты себебі ретінде борышкерлердің жұмысқа орналаспауын және тұрақты табысының жоқтығын алға тартып отыр.Жағдайды түзету үшін елімізде 200-ге жуық бос  жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


Жұмыспен қамту органдары 20 мың жұмыссыз борышкерді тіркеді, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналастырлды.  Алимент төлеуден жалтарған алты мыңға жуық борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.700 қадағалау актісі бойынша 825 жеке сот орындаушысы тәртіптік жазаға тартылды.


Жүйелі және кешенді шаралардың қабылдануы қиын мәселелік салалар санын үштен біріне немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 140 мың баланың пайдасына 23 миллиард қарыз өтелді, талап қоюшыларға 322 бірлік мүлік берілді.


Бүгінде қалған қарыз 22 млрд теңгені құрайды.

«Осыған байланысты прокуратура борышкерлердің есептелмеген табыс көздерін және сақтау орындарын анықтаудың жаңа тәсілдері мен алгоритмдерін әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс (Yandex, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электронды әмияндар, т.б. Мұндай табыс пен қаражаттар туралы ақпаратты сот орындаушылары прокурордың рұқсатымен алады. Мәселен, Қарағандыда прокурорлар электронды әмиянға ақша жасырған 86 тұрақты төлемақыны анықтады» деп хабарлады Бас прокуратура.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.